02 Сәуір, 2015

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №103 

3198 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
2014 жылғы 21 қараша, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің –  Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Респуликасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын; 3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Т.ЕСЕНТАЕВ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы №103 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу ҚАҒИДАЛАРЫ 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері – балалардың, жастардың және ересек тұрғындардың дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың жиынтығы. 3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері күшті, төзімділікті, жылдамдық пен ептілікті көрсететін дене шынықтыру жаттығуларының түрлерін қамтиды және жеке адамдардың жасына байланысты деңгейлерден тұрады. 2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілердің құрылымы 4. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері екі деңгейге бөлінеді: 1) президенттік деңгей; 2) ұлттық дайындық деңгейі. 5. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерінің нормативтері осы Қағиданың қосымшасында көрсетілген. 3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілер бойынша сынақтарды өткізу тәртібі 6. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілеріне дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ жеке тұлғалар қатысады. 7. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерінің дене жаттығулары келесі тәртіппен өткізіледі: 1) жүгіру (30, 60, 100, 1000, 1500, 2000, 3000 метр) - стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде өткізіледі; 2) орнында тұрып ұзындыққа секіру - ашық және жабық ғимараттарда кез-келген тегіс жерде өткізіледі; 3) биік кермеде тартылу - бастапқы қалыпта жоғарыдан ұстай асылып, аяқты еденге (жерге) тигізбей орындалады. Кермеден иек жоғары өтіп және бастапқы қалыпқа қайтып оралған кезде жаттығу орындалған болып есептеледі. Жаттығуды орындау кезінде қолдарды айқастыруға болмайды; 4) кеудені көтеру - шалқалап жатқан қалыпта, аяқ тізеден 90 градус бұрышқа бүгіле, алақан иықта және табаннан серіктестің ұстап тұруымен орындалады; 5) ату - пневматикалық винтовкадан жүргізіледі (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес жас ерекшелігі бойынша топтарға қойылатын талаптарға сәйкес орындалады). Ату: 3 рет байқап көру және 5 рет есептік. Атуға берілетін уақыт – 20 минут; 6) шаңғымен жүгіру - шамалы немесе орташа бедерлі жол салынған жердегі ара қашықтықта ауа температурасы -20°С-тан төмен болмаған кезде өткізіледі. Қарсыз аудандарда шаңғымен жүгіру 6 минут бойы жүгіріп-жүрумен алмастырылады; 7) доп лақтыру - ені 10 метр кез-келген тегіс алаңда өткізіледі; 8) жүзу (25 және 50 метр) - қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, бассейндерде өткізіледі. 8. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін тапсыру жазғы спорт түрлері бойынша сәуір-мамыр айларында, қысқы спорт түрлері бойынша ақпан-наурыз айларында өткізіледі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларына қосымша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерінің нормативтері 1-саты – «Шымырлық пен ептілік» Жалпы білім беретін мектептердің 4-сынып оқушыларына арналған нормативтердің түрлері (9-10 жастағылар) Р/с № Бақылау жаттығуы Өлшем бірлігі Президенттік деңгей Ұлттық дайындық деңгейі ұлдар қыздар ұлдар қыздар 1. Жүгіру 30 м сек. 5,2 5,2 5,4 5,4 2. Жүгіру 1000 м мин. сек. с/е с/е с/е с/е 3. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру см 170 165 168 160 4. Шаңғымен 1 шақырымға жүгіру 6 мин. бойы жүгіру-жүру мин. м. 6.30,0 1500 7.00,0 1300 6.55,0 1400 7.25,0 1250 5. Жүзу 25 м у/е у/е у/е у/е 6. Доп лақтыру (150 гр.) м. 30 20 28 18 Шартты қысқартулар: м. – метр; см – сантиметр; км. – километр; мин. – минут; сек. – секунд; к.к. саны – кеудені көтеру саны; т. саны – тартылу саны; у/е – уақытты есепке алмау; гр. – грамм. Президенттік деңгей – президенттік деңгейде үш норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде екі норматив орындау. Шаңғымен 1 шақырымға жүгіру (нормативті орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін). Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінде бес норматив орындау. 1-саты – «Шымырлық пен ептілік» Жалпы білім беретін мектептердің 7-сынып оқушыларына арналған нормативтердің түрлері (11-13 жастағылар) Р/с № Бақылау жаттығуы Өлшем бірлігі Президенттік деңгей Ұлттық дайындық деңгейі ұлдар қыздар ұлдар қыздар 1. Жүгіру 60 м сек. 8,9 9,3 9,3 9,7 2. Жүгіру 1500 м мин. сек. 6.30,0 7.00,0 6.55,0 7.25,0 3. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру см 210 195 200 175 4. Тартылу т. саны 11 - 9 - Арқада жатып кеудесін көтеру к.к.саны мин. - 40 - 35 5. Шаңғымен 2 шақырымға жүгіру 6 мин. бойы жүгіру-жүру мин. м. 12.30,0 1500 13.30,0 1300 12.50,0 1400 13.50,0 1250 6. Жүзу 50 м у/е у/е у/е у/е 7. Доп лақтыру(150 гр.) м. 50 36 42 28 8. Пневматикалық винтовкадан тіреп тұрып ату, диаметрі 15 см нысана тию 5 5 3 3 Президенттік деңгей – президенттік деңгейде төрт норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде екі норматив орындау. Шаңғымен 2 шақырымға жүгіру (норматив орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін). Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінде алты норматив орындау. 2-саты – «Спорт ізбасарлары» Жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушыларына арналған нормативтердің түрлері (14-15 жастағылар) Р/с № Бақылау жаттығуы Өлшем бірлігі Президенттік деңгей Ұлттық дайындық деңгейі ұлдар қыздар ұлдар қыздар 1. Жүгіру 60 м мин. сек. 8,0 9,0 8,2 9,2 2. Жүгіру 2000 м 8.30,0 9.30,0 9.00,0 10.00,0 3. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру см 240 210 220 190 4. Тартылу т. саны 14 - 12 - Арқада жатып кеудесін көтеру к.к. саны мин. - 45 - 40 5. Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру 6 мин. бойы жүгіру-жүру мин. м. 15.00,0 1700 18.00,0 1400 16.00,0 1600 19.00,0 1200 6. Жүзу 50 м сек. 38,0 55,0 41,0 1.00,0 7. Доп лақтыру (150 гр.) м. 60 35 50 30 8. Пневматикалық винтовкадан ату, диаметрі 10 см нысана тию 5 5 3 3 Президенттік деңгей – президенттік деңгейде төрт норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде екі норматив орындау. Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру (норматив орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін). Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінде алты норматив орындау. 3-саты – «Күш пен батылдық» Жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып оқушыларына, колледждердің, лицейлердің соңғы курсының алдындағы курстары студенттеріне арналған нормативтердің түрлері (16-17 жастағылар) Р/с № Бақылау жаттығуы Өлшем бірлігі Президенттік деңгей Ұлттық дайындық деңгейі ұлдар қыздар ұлдар қыздар 1. Жүгіру 100 м сек. 13,0 15,4 14,0 15,8 2. Жүгіру 2000 м мин. сек. - 9.00,0 - 9.50,0 Жүгіру 3000 м мин. сек. 11.00,0 - 12.40,0 - 3. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру см 265 210 250 200 4. Тартылу т. саны 16 - 13 - Арқада жатып кеудесін көтеру к.к.саны мин. - 55 - 50 5. Шаңғымен ұлдар 5 шақырымға, қыздар 3 шақырымға жүгіру 6 мин. бойы жүгіру-жүру мин. м. 23.00,0 1700 16.00,0 1400 24.00,0 1600 17.30,0 1250 6. Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату, М-8 ұпай 36 36 30 30 7. Жүзу 50 м сек. 38,0 52,0 40,0 55,0 8. Граната лақтыру: (ұлдар) 700 гр (қыздар) 500 гр м. 45 - 40 - - 32 - 26 Президенттік деңгей – президенттік деңгейде төрт норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде екі норматив орындау. Шаңғымен ұлдар 5 шақырымға, қыздар 3 шақырымға жүгіру (норматив орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін). Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінде алты норматив орындау. 4-саты – «Шынығуды жетілдіру» Жоғарғы оқу орындарының соңғы курсының алдындағы курстарының студентеріне арналған нормативтердің түрлері (18-23 жастағылар) Р/с № Бақылау жаттығуы Өлшем бірлігі Президенттік деңгей Ұлттық дайындық деңгейі ерлер әйелдер ерлер әйелдер 1. Жүгіру 100 м сек. 13,0 15,5 13,5 16,0 2. Жүгіру 2000 м мин. сек. - 9.00,0 - 9.50,0 Жүгіру 3000 м мин. сек. 12.00,0 - 12.30,0 - 3. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру см 260 200 245 190 4. Тартылу т. саны 17 - 14 - Арқада жатып кеудесін көтеру к.к.саны мин. - 50 - 45 5. Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру (әйелдер) Шаңғымен 5 шақырымға жүгіру (ерлер), немесе 6 мин. бойы жүгіру-жүру мин. м. 24.00,0 1650 17.00,0 1350 25.00,0 1500 18.30,0 1200 6. Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату ұпай 42 40 36 33 7. Жүзу 50 м сек. 40,0 50,0 45,0 1.00,0 8. Граната лақтыру: 700 гр (ерлер) 500 гр (әйелдер) м. 42 - 38 - - 30 - 24 Президенттік деңгей – президенттік деңгейде төрт норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде екі норматив орындау. Шаңғымен ерлер 5 шақырымға, әйелдер 3 шақырымға жүгіру (норматив орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін). Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінде алты норматив орындау. 4-саты – «Шынығуды жетілдіру» Тұрғындарға арналған нормативтердің түрлері (24-39 жастағылар) Р/с № Бақылау жаттығуы Өлшем бірлігі Президенттік деңгей Ұлттық дайындық деңгейі ерлер әйелдер ерлер әйелдер 1. Жүгіру 100 м сек. 13,5 16,0 14,0 16,5 2. Жүгіру 2000 м мин. сек. - 9.30,0 - 10.00,0 Жүгіру 3000 м мин. сек. 12.20,0 - 12.50,0 - 3. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру см 250 190 235 180 4. Тартылу т. саны 16 - 12 - Арқада жатып кеудесін көтеру немесе тіреп жатып қолдарды иілту және жазу к.к.саны мин. - 45 25 - 40 20 5. Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру (әйелдер) Шаңғымен 5 шақырымға жүгіру (ерлер) немесе 6 мин. бойы жүгіру-жүру мин. м. 25.00,0 1600 18.00,0 1300 26.00,0 1450 19.30,01 100 6. Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату ұпай 40 38 35 30 7. Жүзу 50 м. сек. 43,0 52,0 48,0 1.05,0 8. Граната лақтыру: 700 гр (ерлер) 500 гр (әйелдер) м. 42 - 38 - - 28 - 22 Президенттік деңгей – президенттік деңгейде төрт норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде екі норматив орындау. Шаңғымен ерлер 5 шақырымға, әйелдер 3 шақырымға жүгіру (норматив орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін). Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінде бес норматив орындау. 5-саты – «Сергектік пен денсаулық» Тұрғындарға арналған нормативтердің түрлері (40-49 жастағылар) Р/с № Бақылау жаттығуы Өлшем бірлігі Президенттік деңгей Ұлттық дайындық деңгейі ерлер әйелдер ерлер әйелдер 1. Жүгіру 60 м сек. 12,2 13,0 13,5 14,4 2. Жүгіру 1000 м мин. сек. - 4.20,0 - 4.40,0 Жүгіру 2000 м мин. сек. 8.00,0 - 8.40,0 - 3. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру см. 230 180 220 170 4. Тартылу т. саны 12 - 10 - Арқада жатып кеудесін көтеру немесе тіреп жатып қолдарды иілту және жазу к.к.саны мин. - 35 20 - 30 15 5. Шаңғымен 2 шақырымға жүгіру (әйелдер) Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру (ерлер) немесе 6 мин. бойы жүгіру-жүру мин. м. 25.20,0 1550 17.45,0 1250 26.30,0 1400 19.20,0 1050 6. Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату ұпай 38 35 32 30 7. Жүзу 50 м сек. 45,0 55,0 50,0 1.10,0 8. Граната лақтыру: 700 гр (ерлер) 500 гр (әйелдер) м. 38 - 35 - - 26 - 21 Президенттік деңгей – президенттік деңгейде үш норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде екі норматив орындау. Шаңғымен ерлер 3 шақырымға, әйелдер 2 шақырымға жүгіру (норматив орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін). Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінде бес норматив орындау. 5-саты – «Сергектік пен денсаулық» Тұрғындарға арналған нормативтердің түрлері (50-59 жастағылар) Р/с № Бақылау жаттығуы Өлшем бірлігі Президенттік деңгей Ұлттық дайындық деңгейі ерлер әйелдер ерлер әйелдер 1. Жүгіру 1000 м мин. сек. - 4.30,0 - 5.00,0 Жүгіру 2000 м мин.сек. 8.20,0 - 9.00,0 - 2. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру см. 220 170 200 160 3. Тартылу т.саны 10 - 7 - Арқада жатып кеудесін көтеру немесе тіреп жатып қолдарды иілту және жазу к.к.саны мин. - 35 20 - 30 15 4. Шаңғымен 2 шақырымға жүгіру (әйелдер) Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру (ерлер) немесе 6 мин. бойы жүгіру-жүру мин. м. 25.40,0 1450 18.00,0 1150 27.20,0 1300 20.00,0 1000 5. Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату ұпай 36 33 30 28 6. Жүзу 50 м сек. 50,0 1.05,0 1.00,0 1.30,0 7. Граната лақтыру: 700 гр (ерлер) 500 гр (әйелдер) м. 32 - 28 - - 22 - 18 Президенттік деңгей – президенттік деңгейде үш норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде бір норматив орындау. Шаңғымен ерлер 3 шақырымға, әйелдер 2 шақырымға жүгіру (норматив орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін). Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінде төрт норматив орындау. 5-саты - «Сергектік пен денсаулық» Тұрғындарға арналған нормативтердің түрлері (60 және одан жоғары жастағылар) № р/с Бақылау жаттығуы Өлшем бірлігі Президенттік деңгей Ұлттық дайындық деңгейі ерлер әйелдер ерлер әйелдер 1. Жүгіру 500 м мин. сек. - 2.30,0 - 2.45,0 2. Жүгіру 1000 м мин. сек. 4.10,0 - 4.40,0 - 3. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру см 190 160 175 145 4. Тартылу т. саны 7 - 5 - 5. Арқада жатып кеудесін көтеру немесе тіреп жатып қолдарды иілту және жазу к.к.саны мин. - 30 16 - 25 12 6. Шаңғымен 2 шақырымға жүгіру (әйелдер) Шаңғымен 3 шақырымға жүгіру (ерлер) немесе 6 мин. бойы жүгіру-жүру мин. м. 17.40,0 1350 10.20,0 1100 18.20,0 1100 11.00,0 950 7. Пневматикалық винтовкадан 5 рет ату ұпай 30 30 25 25 8. Жүзу 25 м сек. 25,0 30,0 30,0 40,0 9. Граната лақтыру: 700 гр (ерлер) 500 гр (әйелдер) м. 30 - 25 - - 20 - 16 Президенттік деңгей – президенттік деңгейде үш норматив орындау және ұлттық дайындық деңгейінде бір норматив орындау. Шаңғымен ерлер 3 шақырымға, әйелдер 2 шақырымға жүгіру (норматив орындау – тек қарлы-қысты аудандар үшін, 6 минут бойы жүгіру-жүру қарсыз аудандар үшін). Ұлттық дайындық деңгейі – ұлттық дайындық деңгейінде төрт норматив орындау. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9988 болып енгізілді.